Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады, - делінген хабарламада.