ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді
19 тамыз, 2024
коллаж Еlordaqparat
Астанада 3-4 шілде күндері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
29 сәуір, 2026
ДСМ: Емханаларды қаржыландыру тәртібі қалай өзгерді
28 сәуір, 2026
Қайтарылған активтер есебінен Жітіқарадағы емхана ғимараты жаңғыртылды
28 сәуір, 2026
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы: кене шағуынан қалай қорғануға болады
28 сәуір, 2026
Жедел жәрдем қызметі елімізде жылына 8 млн-нан астам шақыртуға шыққан