05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Су заңнамасын бұзғандарға 58 млн теңге айыппұл салынды

|
Photo: Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Су заңнамасын бұзғандарға 58 млн теңге айыппұл салынды

|
Photo: Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Судың «қара нарығына» қарсы күрес аясында биыл вегетация кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейн инспекциялары су заңнамасын бұзғандарға 310 айыппұл салды, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың жалпы сомасы 58,3 млн теңге болды.

Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетация кезеңінде Қазақстанның оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрғанын еске сала кетейік. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді.

«Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың «қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗