Референдум-2026

СҚО-да Астана – Петропавл – Ресей шекарасы тасжолының учаскелері жөнделіп жатыр

Бүгін, 12:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
СҚО-да Астана – Петропавл – Ресей шекарасы тасжолының учаскелері жөнделіп жатыр
Фото: ҚазАвтоЖол

Солтүстік Қазақстан облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы автомобиль жолының 341 - 473 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:

– 259 мың шаршы метр аумақта қолданыстағы асфальтбетон жабыны жонылды;

– 21,5 мың тонна тегістеуші асфальтбетон қабаты төселді;

– 107,3 мың шаршы метр аумақта қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон қоспасынан жоғарғы жабын қабаты төселді.

Аталған жұмыстар жол жабынының сапасын жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталғаны туралы жаздық.