Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.