Қызылорда облысының прокуратурасымен сот актілері үнемі зерделенуде. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 38 апелляциялық өтінішхат қанағаттандырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Сот актілерін зерделеу барысында тексерулердің нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлердің әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.
Дегенмен кәсіпкерлерге қатысты тексерістер Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы уәкілетті органға тіркелмей жүргізілген.
Яғни, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру заңнама талаптары бұзыла отырып іске асқан.
Апелляциялық өтінішхаттарды қарау нәтижесінде сот актілерінің күші жойылып, заңсыз жауаптылыққа тартылған 7 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның ерекше бақылауында.
Қызылорда облысында кәсіпкерлерді заңсыз тексергендер анықталды
23 желтоқсан, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Ұқсас жаңалықтар
31 қазан, 2026
Бала пәтердің есігі құлыпталып, іште қалса ата-аналар не істеуі керек - мамандар кеңесі
29 қазан, 2026
Атырауда Sulpak дүкенінің қазандығында жарылыс болды
29 қазан, 2026
СҚО-да заңсыз шұжық өндіретін цехтың жұмысы тоқтатылды
29 қазан, 2026
Қызылордада бағаны негізсіз көтерген такси жүргізушісі жауапкершілікке тартылды