Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД басшылары Эрмитажды аралады

Бүгін, 16:12
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД басшылары Эрмитажды аралады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барған өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады.

Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.

Меймандар бай қоры арқылы дүниежүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.