Павлодарда балаларды ұрып-соққан балабақша қызметкері сотталды

Павлодарда балаларды ұрып-соққан балабақша қызметкері сотталды
Фото: freepik.com

Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, ол 2–2,5 жастағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды. Балаларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген.

Тәрбиешінің кінәсі прокурор ұсынған айғақтармен дәлелденді.

17 сәуірде сот оған жазаны өтеуді кейінге қалдыра отырып 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысуыға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетсек, ШҚО-да балабақша меңгерушісі мен есепшісі бюджеттің 42 млн теңгесін талан-таражға салған.