Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласындағы еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ палуаны Нұрқожа Қайпанов 74 кг дейінгі салмақтың финалында ресейлік Иналбек Шериевпен күресті. Бас жүлде жолындағы тартысты белдесуде Нұрқожа қарсыласына есе жіберіп, 2-орын алды.

Бүгін 28 жастағы Қайпанов ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы жалпы медаль санын төртеуге жеткізді.

Спортшының жетістіктері:

2019 жылы Нұр-Сұлтан - күміс (-70 кг)
2024 жылы, Тирана - алтын (-70 кг)
2025 жылы, Загреб - қола (-70 кг)
2026 жылы, Астана - күміс (-74 кг).

Жалпы Нұрқожа қазақ күресі тарихындағы ең олжалы спортшының бірі. Бұдан бөлек оның еншісінде Азия чемпионатының 3 алтыны, жазғы Азия ойындарының қола медалі бар.

Марат Байқамұров Әбу-Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.