Қазақстандық триатлоншы Егор Крупяков Қытайдың Чунцин қаласында өткен Азия кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасындағы жарыста қашықтықты 1 сағат 55 минутта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.
Жарыс жеңімпазы ресейлік Павел Сорокин атанды. Ол 1 сағат 54 минут 6 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Қытай өкілі Любо Чжан (1:55:01) үздік үштікті түйіндеді, - деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ қазақстандық Арлан Жаңабай 12-орынға, ал Дарын Қонысбаев 13-орынға тұрақтады.
Еске салсақ, Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.