«Мас болып, балағаттады»: ШҚО-да қызы әкесін сотқа берген
13 ақпан, 2025
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында әкесінен балағат сөз естіген қыз оны сотқа беріп, жеңіп шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тарбағатай аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға биыл қаңтардың соңында болған.
«23 қаңтар күні әкесі үйде жалғыз өзі ішімдік ішкен. Туған қызын балағаттап, жаман сөздер айтқан. Қызы Тарбағатай аудандық сотына арыз жазып, әкесін жазалауды сұраған. Сот анықтағандай, әкесі қатты мас болып, қызын балағаттаған, тыныштығын бұзған», - деп мәлімдеді соттан.
Істі қараған судья әкесіне ескерту жасаған.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасы Памир шыңына көтерілді
31 шілде, 2026
Қазақстандықтардың қоғамдық кеңестерге берген өтініштерінің 60%-дан астамы оң шешімін тапты
29 шілде, 2026
Эльвира Азимова: Жаңа Конституция отбасын дербес конституциялық құндылық ретінде бекітті
27 шілде, 2026
Елімізде жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты