Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
17 ақпан, 2025
Фото: akorda.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына, ал Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
13 сәуір, 2026
Мемлекет басшысы екі жаңа елшіні тағайындады
1 сәуір, 2026
Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды
25 наурыз, 2026
Нұрлан Байбазаров Президент көмекшісі болып тағайындалды
25 наурыз, 2026
Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды