Референдум-2026

Елордада АҚШ Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына арналған шара өтеді

Елордада АҚШ Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына арналған шара өтеді
Фото: instagram/americancorner_astana

American Corner & Makerspace Astana АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесе отырып, елорда тұрғындары мен қонақтарын АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойылуының 250 жылдығына арналған ауқымды мәдени-ағартушылық шараға шақырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени және білім беру байланысын нығайтуға, сондай-ақ білім, инновация, азаматтық белсенділік пен халықаралық диалогты дәріптеуге бағытталған.

Шара 3 шілде күні сағат 17:00 – 20:00 аралығында  Астана жағалауы (Арбат), Кенесары хан ескерткішінің жанындағы сахнада өтеді. Кіру тегін.