Елорда прокурорлары есірткі қылмысына қатысты студенттермен профилактикалық кездесу өткізді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы қызметкерлері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен жастар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында студенттерге қолданыстағы заңнама нормалары, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары, сондай-ақ жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың салдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, сот тәжірибесінен мысалдар мен жастар арасында жасалған есірткі қылмыстарының өзекті жағдайлары қаралды.
Астана қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысты жалғастырады.