05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бозжыра шатқалында туристік жобаның құрылысы басталды

|
Photo: фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бозжыра шатқалында туристік жобаның құрылысы басталды

|
Photo: фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

13 сәуір күні Маңғыстау облысындағы «Бозжыра» шатқалында жаңа туристік жобаның алғашқы қазығы қағылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, заманауи үлгіде салынатын визит-орталықта саяхаттаушыларға барлық жағдай жасалады. Мұнда келушілер орталығы, этно-кафе мен глэмпингтер бой көтермек.

Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған.

«Кешен құрылысы отандық инвестор — «Pana Asia» ЖШС-нің жеке қаржысына жүзеге асады. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді. Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр»,- деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗