Қазақстан мен Оман әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық артады
13 желтоқсан, 2024
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде вице-адмирал Әли Абдулла Мұхаммед Әл-Шидидің басшылығымен Оман делегациясы болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға Оманның Қазақстандағы елшісі Халид Хамед Мұхаммед Мүбәрәк Әл Ғайлани қатысты.
Шетелден келген қонақтар оқу процесін ұйымдастырумен, оқыту бағдарламаларымен және жоғары білім ордаларының материалдық-техникалық базасымен танысты. Бұдан бөлек олардың назарына ҚР Қарулы Күштері қызметінің құрылымы мен басым бағыттары туралы Қорғаныс министрлігі Стратегиялық даму департаментінің брифингі ұсынылды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Оманның әскери оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайында келісті.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды
19 маусым, 2026
Алматыда жаңа психоактивті заттар мәселесі бойынша өңірлік кездесу өтті
19 маусым, 2026
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуде
19 маусым, 2026
Әкімшілік әділеттің 5 жылы: азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері қалай өзгерді