Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты

Бүгін, 16:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты
Фото: Астана қаласы ТЖД

Елордалық өрт сөндірушілер салынып жатқан нысанда шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Есіл ауданы Ақмешіт көшесі мекенжайында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағында өрт шықты.

Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері жедел жетті. Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші және 14 арнайы техника жұмылдырылды. 

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді.

«Нақтыланған ақпарат бойынша Астана қаласы Ақмешіт көшесінде салынып жатқан ғимараттың шатырында 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтиленің жануы орын алды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер болған жоқ.