15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ең үздік шаштараз анықталды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ең үздік шаштараз анықталды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада «Үздік-2025» жобасы аясында қалалық «Үздік шаштараз» байқауы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Үздік-2025» жобасы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және жастардың кәсіби әлеуетін ашуға бағытталған.

Байқау барысында шаштараздар тек өз шеберлігін емес, сондай-ақ мінезін, стилін және адамның көңіл күйімен жұмыс істей білу қабілетін көрсетті.

«Шаштараздың жұмысы нәзік талғамды, талантты және адамдарға мұқият қарым-қатынасты талап етеді», – деді қатысушылардың бірі.

Байқаудың ұйымдастырушысы – «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы.

«Біз өте жоғары дайындық деңгейін көрдік. Жас шеберлер батылдық, креативтілік және өз кәсібін терең меңгергенін көрсетті. Біздің мақсат – тек үздікті анықтау емес, жастарды өздерін дамытып, күшіне сенуге шабыттандыру. Жалпы, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елордада 15 байқау өткізу жоспарланған. Барлық іс-шараның қорытындысы ай соңында жарияланады», – деді орталық маманы Алуа Балтабаева.

Бұл кең ауқымды бағдарлама жас мамандарды қолдауға, олардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға және қазіргі қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың маңызын атап өтуге бағытталған.

Байқау тәжірибе алмасудың, тың идеялар мен шығармашылық шешімдердің алаңына айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗