Әлеуметтік желіде Астанада әйелдің тұрғын үйдің 15-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға салдарынан әйел балалар арбасында жатқан екі жасар баланың үстіне құлап, екеуі де қаза тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секірген. Құлау салдарынан әйел көз жұмды.
«Әйел ішінде екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне құлаған. Алған жарақаттары салдарынан бала да қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.