Референдум-2026

Арзанға пәтер алып беремін деп 30 адамды алдаған елордалық ұсталды

Арзанға пәтер алып беремін деп 30 адамды алдаған елордалық ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының полицейлері тұрғындарды алдап, ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен 51 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, тұрғын үйді нарық бағасынан төмен бағамен алып беруге және мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана рәсімдеуге көмектесетінін айтып, олардың ақшасын иемденіп кеткен.

Алаяқтықтың бір эпизодында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, баспана алып беремін деген желеумен 1 млн теңгесін иемденген.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында оның дәл осындай тәсілмен жасалған тағы 30 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады.Егер сізге тұрғын үйді арзан бағамен алып беру, кезексіз рәсімдеу немесе мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға «көмектесемін» деген күмәнді ұсыныс түссе, олардың заңдылығын мұқият тексеріңіз.

Еске сала кетсек, Ұлттық банк алаяқтық айланың жаңа түрі шыққанын ескертті.