11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жаттықтырушылардың жалақысы қанша пайыз өсті

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жаттықтырушылардың жалақысы қанша пайыз өсті

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

2020 жылдан бастап спорттық бағыттағы педагог қызметкерлердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп отырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл өсім 2024 жылға қарай 100%-ға жетті.

2022 жылдан бастап дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің – жаттықтырушылар, әдіскерлер, нұсқаушылар және т.б. мамандардың – базалық еңбекақысы да 4 жылдық кезең ішінде тұрақты өсіп келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетті.

«Бұдан бөлек, жаттықтырушы-педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру мақсатында қосымша үстемақы енгізу жұмысы басталды. Атап айтқанда, ұлттық стандарттарға сай оқу-жаттығу процесін жүргізіп, арнайы біліктілік тестінен өткен жаттықтырушыларға 2026 жылдан бастап ай сайынғы лауазымдық жалақысының 30%-ы көлемінде қосымша ақы төлеу көзделуде», - делінген мәліметте.

Осылайша, елімізде спорт саласында қызмет етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыру, еңбекақысын кезең-кезеңімен көтеру және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗