Header Banner

Workout Winter: астаналықтарға арналған тегін спорттық жоба басталады

Бүгін, 09:43
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Workout Winter: астаналықтарға арналған тегін спорттық жоба басталады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

1-31 желтоқсан аралығында Астанада бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған Workout Winter қалалық спорттық жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жоба аясында 15 жастан бастап елорда тұрғындары үшін жаттықтырушылардың жетекшілігімен воркаут және жалпы дене дайындығы (ЖДД) бойынша тегін жаттығулар ұйымдастырылады.

Жаттығулар қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан Underground Big желісінің фитнес-клубтарында өтеді.

«Елорда тұрғындарына қолайлы болу үшін жаттығуларды күндізгі және кешкі уақытта өткізуді қарастырдық. Қатысушылар өздеріне ыңғайлы жаттығу күні мен уақытын, сондай-ақ тұрғылықты жеріне жақын спорт залын таңдай алады. Абонемент сатып алу немесе ақы төлеу талап етілмейді. Алдын ала онлайн тіркелу жеткілікті», – деп хабарлады Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Жаттығу кестесі:

* дүйсенбі, сәрсенбі, жұма – сағат 13:00-14:00;

* сейсенбі, бейсенбі, сенбі – сағат 20:30-21:30.

Спорт залдарының мекенжайлары:

* «Сарайшық» ауданы – Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 16;

* «Алматы» ауданы – Бейімбет Майлин көшесі, 6Б;

* «Нұра» ауданы – Қайым Мұхамедханов көшесі, 25;

* «Нұра» ауданы – Тұран даңғылы, 60.

Жобаға қатысу үшін swsl.live сілтемесі арқылы алдын ала тіркеліп, жаттығуға орын брондау қажет.

Жаттығулар 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тіркелу мәселелері бойынша байланыс телефондары:

* Тамерлан – +7 708 055 87 08;

* Тимур – +7 708 388 00 01.

Аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, Астанада алғаш рет жылқының әсемдігі мен тектілігі таныстырылады.