13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Заң мен тәртіп: Елордада колледж студенттеріне қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

|
Photo: ұйымдастырушылардан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Заң мен тәртіп: Елордада колледж студенттеріне қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

|
Photo: ұйымдастырушылардан

Астананың Экономика және заң колледжінде «Қауіпсіз орта: заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесуде Байқоңыр ауданы әкімдігі мен осы ауданның Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері жастарға тақырып төңірегінде мағлұмат берді.

«Бүгін біз маңызды тақырып – «Қауіпсіз орта: заң мен тәртіптің негізі» туралы әңгімелестік. Қауіпсіз орта - бұл тек төтенше жағдайлардың болмауы емес, ол - қоғамдық тұрақтылық, сыйластық және әр азаматтың жауапкершілігі. Президентіміз айтқандай, «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі». Яғни заңды сақтау мен тәртіпке бағыну - еліміздің тұрақтылығы мен болашағының кепілі. Байқоңыр ауданының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасы жастармен кездесу өткізіп, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйретуге айрықша мән беріп келеді. Осылайша құтқарушылар күн сайын халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етумен қоса, апаттың алдын алу және түсіндіру жұмыстарына атсалысып отыр», - деді Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбек.


Астана қаласы Байқоңыр аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Айтбек Темірлан апатты жағдайларды тудыратын негізгі себептер туралы айтып, мұндай оқиғалардың алдын алудың тиімді жолдарын түсіндірді.  

"Біздің басты мақсатымыз – адам өмірін қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Бірақ қауіпсіздікті бір ғана төтеншеліктер қамтамасыз ете алмайды – әр адам өзінің және өзгенің қауіпсіздігі алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек.

Өкінішке қарай, қазіргі кезде, әсіресе, балалардың терезеден құлап кету фактілері бойынша елордамыз алдыңғы қатарда тұр, бұл – баршамыз үшін алаңдатарлық жағдай. Көп жағдайда мұның себебі – қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауы. Сондықтан әрбір ата-ана, әрбір азамат балаларға қамқорлық жасап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі мәселесі де өте өзекті. Өрттің негізгі себептері – электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, пеш пен газды қолданудың қауіпсіздік шараларын сақтамау немесе адамдардың абайсыз әрекеті. Сондықтан әр үйде қарапайым ережелерді сақтау – өрттің алдын алудың ең тиімді жолы. Мысалы, пешті өшіру, сымдарды дұрыс жалғау, өрт сөндіргіштің болуы және балаларды қараусыз қалдырмау.

Бұл жерде біз Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы мен Өрт қауіпсіздігі қағидаларын ерекше атап өтуіміз қажет. Заңда әрбір азаматтың өз өмірі мен мүлкін қорғаудағы міндеттері нақты көрсетілген. Құқықтық талаптарды сақтау арқылы ғана қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ «Балаларды қорғау туралы» заң бойынша ата-аналар өз балаларын қараусыз қалдырмауға, қауіпті жағдайлардың алдын алуға міндетті. Терезелерге қорғаныш торларын орнату, электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану – заңда көрсетілген қарапайым, бірақ маңызды талаптар", - деді ол.


Айта кетейік, аталған іс-шараға 100-ден астам студент қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗