World Phygital Community: Астанада әлемдік деңгейдегі спортшылар жиналды
World Phygital Community өкілі Дэвид Фенгтің айтуынша, бірнеше апта бұрын өткен Phygital Contenders турнирінің қорытындысы бойынша «Болашақ ойындары – 2026» жарысына қатысатын командалар мен спортшылардың толық құрамы анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық комуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде World Phygital Community фиджитал спортты дамыту бағытында әлемнің 100-ден астам еліндегі ұйымдарды біріктіретін жаһандық желіге айналған. Өткен маусымда спортшылар мен клубтар халықаралық іріктеу турнирлеріне қатысып, өз шеберлігі мен табандылығының арқасында әлемдік додаға жолдама алған.
«Алдағы 12 күн ішінде «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сегіз бағыт бойынша жарыстар өтіп, әлемнің үздік спортшылары жоғары шеберлік, төзімділік және жан-жақтылықтарын паш етеді», - деді спикер.
Еске сала кетсек, турнирде 800-ден астам спортшы мен киберспортшы фиджиталдан өзара бақ сынайды.