Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу барысы қаралды
Үкімет отырысында Президенттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов егіс науқанын сапалы өткізу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін баса айтты.
«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында аграрлық саланы дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Ол үшін көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз етуіміз керек», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыста Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктері, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының әкімдіктері, «Бәйтерек» холдингі басшыларының жұмысы қаралады.