Үкімет Азаматтық авиацияны дамытудың мастер-жоспарын әзірлейді

Бүгін, 12:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үкімет Азаматтық авиацияны дамытудың мастер-жоспарын әзірлейді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр салалық ведомствоға авиация саласын дамытуға арналған стратегиялық құжатты бекіту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көлік министрлігі осы жылдың соңына дейін Азаматтық авиацияны дамытудың 2050 жылға дейінгі мастер-жоспарын (САМР-2050) бекіту жөнінде шаралар қабылдасын.

Онда:

- шағын және өңірлік авиацияны;

- пилотсыз әуе көлігін дамыту;

- жаңа баламалы отынды пайдалану мен сақтаудың озық технологияларын енгізу шаралары міндетті түрде көзделуі тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов жыл соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашуды тапсырды.