Тіркеуі жоқ азамат Құрылтай сайлауы күні сайлау учаскесі орналасқан мекенжайға тіркеуге тұра алады

Тіркеуі жоқ азамат Құрылтай сайлауы күні сайлау учаскесі орналасқан мекенжайға тіркеуге тұра алады
Фото: Оңалхан Өнерхан

23 тамызда Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша тіркеуге тұра алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Бұл қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мамандары жұмыс істейтін 221 сайлау учаскесінде қолжетімді.

ХҚКО қызметкерлері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Тіркеу тек дауыс беруге қатысу мақсатында бір күнге рәсімделеді және келесі күні автоматты түрде жойылады.

Егер азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар болса, сол мекенжай бойынша сайлау учаскесінде дауыс береді.

Еске салсақ, сайлау учаскелерінде азаматтарды тексеру және тіркеу онлайн сервистері іске қосылады.