Таяу Шығыс елдерінен тағы 1,8 мыңға жуық қазақстандық елге оралды

Бүгін, 12:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Таяу Шығыс елдерінен тағы 1,8 мыңға жуық қазақстандық елге оралды
Фото: СІМ

Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлауда.

3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан 4,7 мыңнан астам қазақстандық елге оралғаны туралы жаздық.