Суару маусымында қоймаларға шамамен қанша су келетіні белгілі болды
4 маусым, 2025
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Бұл жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Алмас Мұсабековтің Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, 2 маусымдағы жағдай бойынша Алматы және Жетісу облыстарындағы ірі су қоймаларына 18,8 млрд текше метр су жиналды. Бұл жобалық сыйымдылықтың 85%-ы. Жамбыл облысында Киров су қоймасын қоса алғанда 1 млрд 245 млн текше метр су немесе 82% су жиналды.
«Суару маусымында елімізге Шу өзені арқылы 180 млн текше метр, Талас өзенімен 400 млн текше метр, Шардара су қоймасына шамамен 3,7 млрд текше метр көлемінде су келеді деп күтілуде», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ұқсас жаңалықтар
6 мамыр, 2026
Жануарларға қатігездік көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі
4 мамыр, 2026
Жер бетіндегі алманың арғы тегі: Жетісуда сиверстің гүлдеуіне арналған фестиваль өтті
4 мамыр, 2026
Елімізде көктемгі жабайы аңдар санағы жалғасып жатыр
3 мамыр, 2026
Қорғалжын қорығында қанша киік бар екені белгілі болды