10-13 тамыз аралығында Корея Республикасының Пусан қаласында Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясының 90-шы Дүниежүзілік кітапханалық-ақпараттық конгресі – IFLA WLIC 2026 өтіп жатыр. Биылғы конгрестің негізгі тақырыбы – «Кітапханалар – трансформация қозғаушысы», деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан кітапханалар одағы – Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясының (IFLA) ресми мүшесі. Осы жылы Қазақстан атынан конгреске кітапхана ісінің 40-қа жуық маманы қатысып, ТМД елдері арасында ең үлкен делегацияны құрап отыр.
Конгресс бағдарламасы заманауи кітапхана ісін дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды. Қатысушылар ұлттық кітапханалар мен библиографияны дамыту, халықаралық стандарттар мен метадеректер, каталогтаудың жаңа тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік және кітапхана ісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелерін талқылап жатыр.
Қазақстандық мамандар конгресс барысында кітапхана саласындағы озық халықаралық тәжірибемен танысып, заманауи стандарттар мен технологияларды зерделейді. Жинақталған тәжірибені алдағы уақытта еліміздің кітапхана ісін дамытуда пайдалану көзделген.
Қазақстандық кітапханашылар IFLA WLIC 2026 халықаралық конгресіне қатысып жатыр
11 тамыз, 2026
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұқсас жаңалықтар
9 қазан, 2026
«Қарагөз» қойылымы халықаралық театр фестивалінде жеңіске жетті
9 қазан, 2026
Астанада «Роза Бағланова» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
8 қазан, 2026
«Мұндай көп сыйлық алмаппын»: Джеки Чан қазақстандықтардан алған сыйлықтарына арнайы бөлме жасамақ
8 қазан, 2026
Шығыс Қазақстан облысында Түрік қағанатының қалашығы табылды