Президент Король ІІІ Чарльзді туған күнімен құттықтады

13 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент Король ІІІ Чарльзді туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді

Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.