Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентіне көңіл айтты

7 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентіне көңіл айтты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты.

Мемлекет басшысы жеделхатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Еске салсақ бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады.