«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 15:56
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды
Фото: iStock

Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Конкурс нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Байқау ережелерімен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сайтында танысуға болады.

Еске салайық, бұдан бұрын елорда мектептері мен балабақшаларында «Анаға арнау» мерекелік хор челленджі өткені туралы жаздық.