Астанадағы №86 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Гүлім Жұмабай ұлттық спорт түрі – бес асықтан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жас спортшы жарыста шеберлігі мен табандылығын танытып, қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі.
Еске сала кетейік, астаналық тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.