Паделден 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ел құрамасының тізімі анықталды

Бүгін, 14:32
Думан Аманжол Думан Аманжол
Паделден 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ел құрамасының тізімі анықталды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қазақстан падел федерациясы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрамның тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан сегіз спортшы өнер көрсетеді. Ерлер және әйелдер арасындағы жарыста еліміздің намысын екі жұп қорғайды.

Ерлер:

Евгений Данилов / Тимур Хабибулин

Родион Пак / Жақас Қозбақ

Әйелдер:

Альбина Хабибулина / Мария Синицына

Әйгерім Сүлеймен / Татьяна Гиоргазде

Айта кетейік, падель алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізіліп отыр.

Еске салсақ, теннистен Қазақстанның Таиландқа қарсы матчқа шығатын құрамы жарияланды.