Референдум-2026

Өскеменде әскери бөлімнен шығып кеткен сарбаз іздестірілуде

Бүгін, 12:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
Өскеменде әскери бөлімнен шығып кеткен сарбаз іздестірілуде
Фото: instagram.com/military_police_kz/Әскери полиция

Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімі 27943 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Мархан Айқын Ерланұлына іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әскери полицияның мәліметінше, 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылы туған қатардағы Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі қызметін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, әскери қызметші әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісімен шығып кеткен. Кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін екені айтылды. Оның жанында қару болмаған.

Іздестіріліп жатқан азаматтың бойы – 177 см, салмағы шамамен 80 кг. Дене бітімі орташа, көзі мен шашы қара түсті, шашы қысқа, бетінде меңдері бар.

«Қазіргі уақытта Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының бақылауында», - делінген хабарламада.

Ведомство тұрғындардан әскери қызметшінің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда төмендегі сенім телефондары арқылы хабарласуды сұрайды. Берілген мәліметтердің құпия сақталатыны атап өтілді.

Сенім телефондары:

8 (7232) 62-34-15;

8 705 508 39 39;

8 775 553 53 35.