Нұрғиса Тілендиев даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Нұрғиса Тілендиев даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Н. Тілендиев даңғылының Қарталы көшесінен Баршын көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 8 бен 25 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Қарталы көшесінен Баршын көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмысын жүргізіледі. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Басқрама жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды және қозғалысқа қатысты өзгерісті ескеруді сұраймыз. 

Еске сала кетсек,  2-9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.