Наурызнама: Шаңырақ күні
17 наурыз, 2026
Сурет: Gemini AI
Бүгін Наурызнама онкүндігінің кезекті «Шаңырақ күні», деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазақ үшін шаңырақ қасиетті ұғым. Отбасының бірлігі мен берекесінің нышаны. Елтаңбамызда шаңырақтың бейнеленуі де елдігіміз бен бірлігіміздің айғағы.
Бұл күні әулет мүшелері үлкен үй – қара шаңыраққа жиналып, бас қосып, бір-бірімен қауышады. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, туыстық қарым-қатынасты нығайту осы күннің басты мәні.
Сондай-ақ бұл күні ақ отау тігіліп, шаңырақ көтерген жас жұбайлардың некесі қиылып, жаңа отбасының іргесі қаланады. «Шаңырақ күні» – отбасы бірлігін ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын ерекше мереке.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Қазақстанда қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа құжат қабылдау басталады
31 шілде, 2026
ҚАТЗУ-дың «Шабыт» ансамблі Болгариядағы халықаралық фестивальде ел намысын қорғады
30 шілде, 2026
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде реставрациялық жұмыстар жалғасуда
28 шілде, 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігінде үш өңірдің мәдениет саласындағы жартыжылдық жұмысы қорытындыланды