Ақтөбе тұрғынының мұнай компаниясына кіріп, мол табыс табамын деген ойы жүзеге аспай, керісінше, алаяққа алданып шығынға ұшырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтөбе ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
38 жастағы жігіт танысының мұнай компаниясына жүргізуші болып жұмысқа орналастыруға уәде бергенін айтып, полицияға жүгінді. «Қызметі» үшін күдікті алдын ала 400 мың теңге алған.
Алайда арада бірнеше ай өтсе де, жұмыс та жоқ, шақырту да болмады. Осылайша тұрғынның үміті үзілетін уақыт та келді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 48 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - дейді полиция өкілдері.