Референдум-2026

Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді

Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Фото: ҚТЖ

Омбыда Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша миллионыншы контейнер салтанатты түрде жөнелтілді. Іс-шара XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Миллионыншы контейнерді жөнелтуді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «РЖД» ААҚ ұйымдастырды. Бұл Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық көлік серіктестігінің кезекті нәтижесі.
       
Соңғы жеті жылда Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары Еуразияның негізгі контейнерлік дәлізінің біріне айналды. Инфрақұрылымды дамытудың және екі ел теміржол әкімшіліктерінің жұмысын үйлестірудің арқасында маршрут бойынша тасымалдау көлемі 2019 жылдан бастап 27 есеге – 2025 жылдың қорытындысы бойынша 11 мыңнан 301 мың жиырма футтық баламада (ЖФБ) контейнерге дейін өсті. 

Еске салсақ, «Жолаушылар тасымалы» компаниясы жолаушыларға теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізбесін жариялады.