Мемлекет басшысы Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

11 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
Фото: akorda.kz

Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.

Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды.