Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

31 тамыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Фото: akorda.kz

Президент Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Жарлығымен Аида Балаева ҚР Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.