Header Banner

Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

11 қараша, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық былғары қолғап шебері Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында мысырлық боксшы Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Марал Төлепберген 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) және Бибарыс Әшірбай (70 келі) 1/2 финалға өткен еді. 

Еске салсақ, боксшы Абылайхан Жүсіпов ел чемпионатының басты сенсациясын жасаған боксшыға жауап берген болатын.