05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстау даласында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді

|
Photo: фото: instagram.com/abai_media
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстау даласында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді

|
Photo: фото: instagram.com/abai_media

Маңғыстау облысының дала алқабында қызыл кітапқа енген соғды қызғалдағы гүлдеп, ерекше көрініс пайда болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Otpannews.kz жазуынша, блогер Абай Жанысбаев жеке парақшасында Маңғыстау даласының гүлденген сәтін түсірген видеосын жариялаған. Бейнежазбасында Маңғыстау даласының көктемгі көріністері бейнеленген. 

Жасыл желекке оранған кең дала мен көз тартарлық ашық түстер қолданушылардың назарын аударып, өңір табиғатының сұлулығына тәнті етті.

фото: видеодан алынған кадр

Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) – сирек кездесетін, ерекше өсімдіктердің бірі. 10-25 сантиметрге дейін өсетін бұл көпжылдық гүл наурыз-сәуір айларында гүлдейді. Ол негізінен Қызылқұм, Қарақұм, Маңғыстау өңірлерінің құмды, кейде сазды немесе тасты шөлдерінде кездеседі. 

Бұл қызғалдақ жойылып кету қаупі бар өсімдіктердің қатарына жатады және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗