Қорғаныс министрі Олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
19 тамыз, 2024
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ислам Сәтбаев пен Нариман Құрбановты «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.
Ислам Сәтбаев спортшы Александра Ле-мен жұптасып, аралас командалар арасындағы жарыста пневматикалық мылтықтан оқ атуда қола медаль жеңіп алып, еліміздің қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалін әкелген болатын.
Спортшы-нұсқаушы, Қарулы күштердің қызметкері Нариман Құрбанов Олимпиада ойындарында екінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші медальді салды.
Армия спортшылары ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен ведомстволық медальдармен марапатталды. Награда Олимпиада қорытындысы бойынша спортшыларға құрмет көрсету кезінде табысталады.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалады
21 желтоқсан, 2025
Елордада еліміздің үздік көркем гимнасшылары шеберлік көрсетті
21 желтоқсан, 2025
Астанада Мәскеу күндері аясында дзюдодан жолдастық кездесу өтті
20 желтоқсан, 2025
Елордада «Хан Шатыр» сауда орталығында көркем гимнастикадан ашық фестиваль өтті