Ержан Сәденов: Полиция балаларды тасымалдауды бақылауды күшейтеді

Бүгін, 11:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ержан Сәденов: Полиция балаларды тасымалдауды бақылауды күшейтеді
Фото: primeminister.kz

Маусым айында Қазақстанның барлық қалаларында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Акция аясында полицейлер балаларды тасымалдау үшін көліктің техникалық жағдайын тексереді және жолдарда жүргізушілерді бақылауды күшейтеді. Жазғы каникул кезеңіндегі кешенді қауіпсіздік шаралары туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, жазғы каникул қарсаңында білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыптағы сабақтар, «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру жұмыстары, «жеке қауіпсіздік» сабақтары өткізілді, онда түнгі уақытта көшеде жүруге тыйым салу, жол қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша ақпарат берілді. «Қиын жасөспірімдермен» мақсатты профилактикалық жұмыс жалғасуда.

18-25 мамыр аралығында жол қауіпсіздігі бойынша «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Маусым және шілде айларында республикада каникул кезінде профилактикалық жұмыстар аясында (маусым-шілде) «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырылады. Полиция жасөспірімдердің түнде үйден тыс жерде болу фактілерін болдырмауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сататын сауда нүктелерін анықтауға назар аударады.

Бұқаралық демалыс орындарындағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылатын болады.

«Жаңа талаптар енгізілді. Енді, балалар лагерьлері – қосымша білім беру объектілеріне жатқызылды. Әкімдіктер оларды қысқа мерзімде өңірлік тізбесіне енгізу қажет. Өз кезегінде, ІІМ лагерь қызметшілерін тексеру, полиция қызметкерлерін бекіту, ұйымдастырылған балалар тасымалдауын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ІІМ жаңа оқу жылына дайындықты бастады: полиция мектептердің іргелес аумақтарына зерттеу жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша жол инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі анықталды.

Еске сала кетейік, балалардың жазғы демалысы кезінде жедел көмек пен кері байланыс тетіктері күшейтіледі.