Бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы жатақхананың мансард үлгідегі алтыншы қабатында өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, алғашқы құтқарушылар отряды келген кезде алтыншы қабат толығымен отқа оранған. Газ-түтіннен қорғау қызметі дереу құрылып, барлау жұмыстары басталды.
«ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздері қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді»,- делінген хабарламада.
Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.