Елордада жаңа бағдар іске қосылады

21 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада жаңа бағдар іске қосылады
City Transportation Systems ЖШС

22 қарашадан №82 бағдар «Орда базары» – «Зерде мектебі» аралығында жүре бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бағыт «Алаш» тасжолындағы негізгі нысандарды қамтиды, Ш.Уәлиханов көшесіне, Абылай хан даңғылына, М.Жұмабаев көшесіне, Тәуелсіздік даңғылына және Әл-Фараби даңғылына кіріп жүреді.

Сондай-ақ бағдар бүкіл Бұқар жырау көшесіне қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Қозғалыс сызбасын суреттен және Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.