Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлер саны өсіп келеді
Ұлттық экономика министрлігі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекітті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Тізілімге сәйкес, 1 431 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі енгізілді.
2024 жылы бұл тізілімде 835 кәсіпорын болған. Әлеуметтік кәсіпкерлердің көбі Астана мен Алматы қаласында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында шоғырланған.
Қызмет түрлері бойынша әлеуметтік кәсіпкерлердің шамамен 60% - ы білім беру, 20% - ы әлеуметтік қызмет көрсету, тағы 10% - ы денсаулық сақтау, 10% - ы-басқа салада жұмыс істейді.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тізілімді министрлік жыл сайын өткен күнтізбелік жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін бекітеді» - делінеді хабарламада.
Айта кетейік, әлеуметтік кәсіпкерлікке мүгедектігі бар адамдар құрған кәсіпорындар, сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдері үшін жұмыс орнын қамтамасыз ететін бизнес жатады.
Еске салсақ, Астанада кәсіпкерлерге құқықтық мәселелер түсіндірілген болатын.