Экоакция: Есіл өзені мен Сарыбұлақ арнасының жағасы тазартылды

Экоакция: Есіл өзені мен Сарыбұлақ арнасының жағасы тазартылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы аясында таңертеңгі уақыттан бастап «Мөлдір бұлақ» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Акция барысында су айдындарына жақын аумақты санитарлық тазартуға ерекше назар аударылып отыр. Жұмыс Есіл өзенінің жағалауы бойында, сондай-ақ Сарыбұлақ учаскелері мен басқа да су нысандарында жүргізілді. Қатысушылар қоқыс жинап, жағалау аумағын тазартып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.

Экологиялық бастамаға елорда тұрғындары, коммуналдық қызметтер, жастар, еріктілер және белсенді қала тұрғындары атсалысып жатыр.

Қала әкімдігі барлық тұрғынды экологиялық айлықты қолдауға және ортақ іске өз үлесін қосуға шақырады. Бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның, оның ішінде су ресурстарының тазалығын сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Еске сала кетсек, Астанадағы №6 көпшілік кітапханасында табиғатты қорғау және су ресурстарын сақтау тақырыптарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.